«Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Атырау қаласында жалғасты. Құрылтай депутаттығына кандидаттар өңірдегі вагон құрастыратын зауыттың еңбек ұжымымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Одан кейін банк қызметкерлері және кәсіпкерлермен жүздесіп, ұсыныстарын тыңдады. Ал «Атырау Жарық» және «Каспиймұнайгаз» ұжымымен өткен жиында еңбек адамының мәртебесі, әлеуметтік қолдау, өндіріс қауіпсіздігі мәселелері көтерілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Дәния Еспаева, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
- Кәсіпкерлерге қандай кедергілер бар? Біріншіден, әрине, несиенің қымбаттығы. Несие қымбат болса, олар өндірісті көтере алмайды ғой. Қазіргі несиенің бағасы 20–25 пайыз. Осындай бағамен өндіріс ашу өте қиын. Екіншіден, жыл сайын ережелер өзгереді. Ал енді кәсіпкерге ең бірінші не керек? Осындай ережелер тұрақты болуы керек.