Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Көкшетауда еңбек ұжымдарымен кездесті. Ашық форматтағы жүздесуде жұмысшылар тегін медициналық көмек, халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін көтерді. Отандық тауар өндірушілерді қолдау, өнімді сыртқы нарыққа шығаруға қатысты ұсыныстар да талқыланды.
Бұдан бөлек, кандидаттар өңірдің белсенді жастарымен жүздесіп, сауалдарына жауап берді және сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.
Олжас Құспеков, Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
- Жастарды, жалпы, қай заманда да толғандыратын негізгі мәселелер бар. Олар – грант алу, жатақханамен қамтылу, жұмыспен қамтылу, тәжірибеден өту мәселелері. Сонымен қатар олардың алып жатқан білімдерінің заман талабына, еңбек нарығына сай болуы және сұранысқа ие болуы да маңызды. Осы мәселелердің барлығы жастарды толғандырады.