Оралда «Ауыл» партиясының белсенді мүшелері «Таза Ауыл» экологиялық акциясын өткізді. Жастар қала іргесіндегі көрікті аумақты күл-қоқыстан тазартып, айналаны абаттандырды.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында ұйымдастырылған іс-шараға 200-ге жуық адам атсалысты. Олардың қатарында «Auyl Jastary» жастар қанатының өкілдері, еріктілер, қала тұрындары бар. Акция елді мекендерді көркейтуге, тұрғындардың қоршаған ортаға жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Партияның мұндай экологиялық іс-шаралар легі одан әрі жалғасын табады.
Алшын Жолдығали, «Ауыл» партиясының мүшесі:
- Мемлекет басшысының тапсырмасы, идеясы бойынша жасалған «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, осы жерде тұрғындардан қалған қоқыс қалдықтарын жинадық. Біз қазір Орал қаласының көрікті жерінде, Орал деген жазудың бойында тұрмыз. Қала тұрғындарына осындай демалыс орындарында демалғаннан кейін артынан жинап, таза ұстаса деген ойым бар. Өзіміздің болашағымыз үшін, келер ұрпақ үшін міндетті түрде айналаны жинап, тазалап жүруіміз керек.