«Байтақ» инфрақұрылымға назар аударды

  • 6
  • 17.08.2026, 19:40

«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері Алматы вокзалында теміржол саласының қызметкерлерімен кездесті. Басқосуда экология, тұрақты көлік жүйесі, қалалық инфрақұрылым және халықтың өмір сапасына қатысты мәселелер талқыланды.

Партия өкілдері сондай-ақ Шымкент қаласында автобөлшек базарының қызметкерлерімен кездесті. Жиында «Baytaq» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Айдос Ордабеков саяси ұйымның сайлауалды платформасының негізгі бағыттарын таныстырды. Тиісінше, тұрғындар толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірін ортаға салды.

Айдос Ордабеков, «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:

- «Байтақ» партиясының бағыттары бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Үнемі халықтың ортасында жүрміз. Депутат деген – тек мандат иесі емес, біз халықпен бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Халықтың үнін жоғарыға жеткізуіміз қажет. Сол мақсатта «Байтақ» партиясының бағыттарын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз.