«Ақ жол» әлеуметтік қолдау тетіктерін талқылады

  • 5
  • 18.08.2026, 19:38

«Ақ жол» демократиялық партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткерлер Астанадағы №3 автобус паркінің ұжымымен кездесті. Жиында кандидаттар жиналғандармен тұрғын үй саясаты, жас отбасыларды қолдау, шағын және орта бизнеске жағдай жасау мәселесін талқылады.

Автопарк мамандары қаржылық сауаттылықты арттыру, қоғамдық көлік қызметін дамытуға қатысты сұрақтарын қойды. Дәл осындай кездесу елорданы жылумен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорында, отандық абаттандыру және көгалдандыру материалдарын шығаратын зауытта да ұйымдастырылды.

Берік Дүйсенбинов, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:

- Сапалы жолаушы тасымалымен қамтамасыз ету – Астананың ажырамас бір бөлігі. Осы қызметті қамтамасыз етіп отырған азаматтардың көңіл-күйімен, жағдайымен танысып, қандай өтініштері бар екенін білдік. Сонымен қатар, өзіміздің үгіт-насихатымызды жүргізіп келдік бүгін. Елді алаңдатып отырған бүгінгі күнкөріс қамы, қымбатшылық, тұрғын үй мәселесі...