Таразда Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдері түрлі сала ардагерлерімен алқалы жиын өткізді. Кездесуде тұрғын үй кезегін жылжыту, жер телімдерін алу, әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар мәдениет пен спортты дамыту, тегін білім алу мүмкіндіктерін арттыру жайы сөз болды.
Ал Атырауда партияның үгіт-насихат тобы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдерімен кездесті. «Жайлы аула – қауіпсіз қала» тақырыбында өткен жиында қаланы абаттандыру, аулалардың жағдайын жақсарту және тұрғындардың қауіпсіздігі мәселелері қозғалды.
Нұрайнаш Камалова, ЖСДП партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
- Кездесуге Атырау қаласының тұрғындары және ОСИ, КСК өкілдері қатысты. Кездесуде азаматтар тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру қажеттігін, жарықтандыру мәселесін және балалар ойын алаңдарын салу қажеттілігін айтты.