Қостанайда Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник Құрылтай сайлауына дайындалу және өткізу мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиын барысында осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар жайлы есеп берілді.
Өңірде 716 сайлау учаскесі құрылған. Онда мүгедектігі бар азаматтар дауыс беру үшін барлық жағдай жасалған. Ғимараттар арнайы көтергіштермен, есту, көру қабілеті нашар адамдарға арналған құрылғылармен жабдықталған. Михаил Бортник атқарылған жұмыстарға жоғары баға беріп, маңызды саяси науқанға дайындықты тағы бір пысықтап алуды тапсырды.
Михаил Бортник, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
- Біз екінші күн Қостанай облысында жұмыс істеп жатырмыз. Ауданда, Қостанайдың өзінде бірнеше сайлау учаскелерінде болдық. Негізінен учаскелердің материалдық-техникалық жабдықталуына, мүгедектегі бар адамдарды қабылдау дайындығына, комиссия мүшелерінің біліктілігіне назар аудардық.Бұл іске қостанайлықтар аса бір жауапкершілікпен келгендігін атап өтуге болады.