19 тамыз күні «Хабар» Агенттігінің» 24KZ телеарнасында Құрылтай сайлауына арналған «Басты теледебат» өтеді. Бұған дейін басқа телеарналарда да осындай пікірсайыстар ұйымдастырылған болатын.
Бұл жолы саяси додаға жеті партияның көшбасшылары қатысады. Әр саясаткер өз бағдарламасын таныстырып, азаматтарды толғандырған негізгі мәселелер бойынша ұстанымдарын ортаға салады. Көрермен олардың ұсынысын тыңдап, ұстанымы мен шешімін саралай алады. Сұрақ қоюға да құқылы. Ол үшін QR-кодты сканерлеп, қатысушыларға мәтіндік хабарлама немесе бейнеүндеу түрінде сұрақ жолдауына болады.