Партиялар сөзжарысының кезегі белгілі болды. Ең алдымен, Respublica партиясы бастаса, одан кейін «Байтақ», «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Әділет», «Ауыл», «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» және «Қазақстан Халық партиясы» сөз тізгінін алады.
Басты дебат тақырыбы – «Дамыған экономика – қуатты қоғам». Теледебат төрт кезеңнен тұрады: партия бағдарламасын жүйелі түрде таныстыру, оппоненттеріне сұрақ қою, сонымен қатар байланыс орталығына келіп түскен бейнехабарламалар мен сауалдарға жауап беру қарастырылған. Қорытынды бөлімде партия жетекшілері белгіленген ретпен сайлауалды мәлімдемелерін жолдайды.
Саяси доданы 24KZ телеарнасының YouTube, Telegram, Instagram және TikTok желілеріндегі ресми аккаунттарынан онлайн режимде көруге болады.