Қазақстанда егін орағы қызу жүріп жатыр. Үкімет өнімділікті арттыру үшін тиісті шараларды қолға алған. Елдің негізгі аграрлық аймақтарында дәнді дақылдарды жинау 15 тамызда басталған болатын.
Бүгінге дейін 2,6 млн гектар алқап орылған. Бұл былтырғы тап осы уақыттағы көрсеткіштен екі есе жоғары. Орташа түсім гектарына 14,6 центнерден айналып отыр.
Бұдан бөлек, 513 мың тонна картоп, 1,1 млн тонна көкөніс және 1,5 млн тоннадан астам бақша дақылдары жиналған. Жалпы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру 140 млрд теңгеден 1 триллион теңгеге дейін өскен.
Бекзат Анарбайұлы, «Петровка» АҚ басшысы:
- Қазір егінімізді алып отырмыз. Ауданымызда көрсеткіш жаман емес. 14-15 гектарынан алып отырмыз. Жанармайымыз жеткілікті, техникаларымыздың бәрі оңды. Кісілердің бәрі жұмысын жасап жатыр. Жалпы жұмысымыз жаман емес.