«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Қостанай облысындағы еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесу өткізді. Құрылтай депутаттығына кандидаттар облыс орталығы мен Рудный қаласындағы бірқатар кәсіпорынға барды.
Жиында отандық өндірісті дамыту, кадр даярлау, еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Саяси бірлестік мүшелері мамандарды өңір экономикасының қажеттіліктерін ескере отырып даярлау керек екенін атап өтті.
Қаныш Тілеушин, «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары:
- Бірінші мақсатымыз – осы «Әділет» партиясының бағдарламасына, өндіріске және экономика дамуына көзделген шаралар туралы айту және де осы зауытта істеп жатқан жұмыскерлерді дұрыстап тыңдап, олардың ұсыныстарын естіп қана қоймай, ұсыныстарды ары қарай пайдаланып, бекітіп, олармен ары қарай жұмыс жасау.