Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Алматы облысындағы еңбек ұжымдарымен кездесті. Олар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, жұмысшылардың сұрақтарына жауап берді. Еңбеккерлер өздерін толғандыратын мәселелерге байланысты ұсыныстарын да айтты.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Партия өкілдері «Ерекше балалардың ата-аналары одағы» және Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының өкілдерімен де жүздесті. Олар өз кезегінде қауымдастық мүшелерін толғандыратын мәселелерді ортаға салды. Форум флешмобпен аяқталды.
Дамир Дигай, ҚХП атынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
- Бұл ұжымда 6 мыңдай қарапайым жұмысшы бар. Олар Қазақстанда өндірілген отандық брендті әлемдік нарыққа шығаруға бар күш-жігерін салып жатыр. Жұмысшылар әлеуметтік даму мәселесін қызу қолдайды және болашақта міндетті түрде үлкен жетістікке жетеміз деген сенімде. Өйткені біздің сайлауалды науқанымыз да, күнделікті жұмысымыз да еңбек адамының айналасында құрылады.