Абай облысындағы дала өрті оқшауланды

  • 6
  • 18.08.2026, 19:39

Абай облысының Ақсуат ауданында 15-ші тамыздан бері жанып жатқан дала өрті оқшауланды. Ырғызбай ауылдық округіндегі аумағы 360 гектар болатын бес учаскеде құрғақ шөп жанған.

Өртті сөндіруге шамамен 140 адам мен 25 техника тартылды. Шөп құрғақ болғандықтан әрі  желдің қатты соғуы қызыл жалынды ауыздықтауға кедергі келтірген. Қазір өрттің салдарын жою және оттың қайта тұтануына жол бермеу үшін аумақты бақылау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.