ТМД байқаушылары миссиясының есебі жарияланды

  • 9
  • 19.08.2026, 19:36

Елдегі Құрылтай депутаттарының сайлауалды науқаны бірқалыпты өтіп жатыр. Әр партияның үгіт-насихатын жүргізуге тиісті жағдай жасалған. ТМД елдері байқаушылары миссиясының аралық есебінде осылай делінген. Саяси науқанға қатысушыларға теңдей мүмкіндік берілген. Сонымен қатар есепте үгіт-насихат жұмысының цифрлық кеңістікте жақсы ұйымдастырылғаны айтылады.

Бүгінде партиялар әлеуметтік желілер, жеке сайттар мен өзге де онлайн платформаларды тиімді қолдануда. Бұл электоратпен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беріп отыр. Телевизиялық форматтағы дебаттар да тиісті деңгейде ұйымдастырылған. Партиялардың халықпен етене жұмыс істеуіне ауқымды инфрақұрылым қарастырылғаны айтылады.

Жергілікті атқарушы билік аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесе үгіт-насихат жиындарын жүргізуге 4 мыңнан астам орын белгілеп берген. Баспа түріндегі үгіт жұмысына тағы 8 мыңнан астам орын қарастырылған.