«Әділет» партиясы сайлауалды кездесулерін жалғастыруда. Депутаттыққа кандидаттар мүлік иелерінің бірлестігі және пәтер иелері кооперативі өкілдерімен кездесті. Панельдік сессиялар барысында қатысушылар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер мен заңнамалық бастамаларды талқылады. Сондай-ақ партия мүшелері сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттарын таныстырды.
Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелеріне арналған алғашқы республикалық диалог алаңы өтті.
Жиынға еліміздің әр өңірінен мүлік иелерінің бірлестігі мен пәтер иелерінің кооперативі төрағалары, басқарушы ұйым өкілдері және салалық сарапшылар қатысты. Кездесуде инженерлік желілерді жаңғырту, күрделі жөндеу қаржыландыру, құрылыс ақаулары мен басқаруды цифрландыру тетіктері талқыланды. Партия өкілдері тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жақсарту мен саланы дамытудың басым бағыттарын таныстырды. Жиын қорытындысы бойынша сараптамалық алаң құрылатын болды.
Айбек Дәдебай, «Әділет» партиясының төрағасы:
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Тазалық пен ұқыптлылық күнделікті өмір салтымызға айналуы қажет», - деп бірнеше рет атап өткен. Қалалар мен ауылдардың көркеюі, саябақтардық гүлденуі, аулалар мен кіреберістердің таза әрі ұқыпты болуы ең алдымен, өзіміз үшін маңызды. Президенттіміз коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, осы саладағы барлық тараптың жауапкершілігін арттыру міндетін қойып отыр алдымызға. «Әділет» партиясы бұл бағытты да толық қолдайды. Біз үшін реформаларды қолдайтынымызды айтып қою ғана жеткіліксіз. Біздің мақсатымыз – халықпен бірге нақты нәтижеге жету.