ҚХП өкілдері Қостанайда зейнеткерлермен жүздесті

  • 9
  • 19.08.2026, 19:37

Қостанайда Қазақстан Халық партиясы өкілдері зейнеткерлермен кездесті. Жиын барысында партияның алдағы мақсат-міндеттері, сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары таныстырылды. Негізінен әлеуметтік салаға қатысты мәселелер сөз болды. Медицина, білім берудегі түйткілдер ашық айтылып, оларды шешудің тетіктері талқыланды. Сондай-ақ ауыл-аймақтың әлеуетін арттырып, тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту бағытындағы партияның жұмыс бағдары жайлы айтылды.

Нұржан Бияқаев, ҚХП атынан Құрылтай депутаттығына кандидат:

- Сайлаушылар негізінен ауыл тұрғындарының мәселелерін жиі көтереді. Атап айтқанда, шағын мектептердегі жағдай, онда оқитын балалардың мәселесі, елді мекендерде медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі сияқты проблемалар айтылуда. Осы мәселелерді нақты шешу үшін заңға өзгерістер енгізу керек. Дұрыс жүйеленіп, қабылданған заң арқылы ғана бұл проблемаларды ретке келтіруге болады.