«Ауыл» партиясы СҚО-да тұрғындармен кездесті
«Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Торанғұл ауылындағы шаруашылық ұжымымен кездесті. Партия өкілдері қала мен ауылды бірдей дамыту, адамның тұрғылықты жеріне қарамастан өмір сүруіне, еңбек етуіне әрі өз мүмкіндігін жүзеге асыруына тең жағдай жасау жайы айтылды. Сонымен қатар жиында мал шаруашылығын, қайта өңдеу саласын дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау, азық-түлік қауіпсіздігі және ауызсу мәселелері талқыланды. Партия өкілдері тұрғындармен пікір алмасып, ауылдық жерлерде қандай түйткілді мәселелер барын білді.
Қанат Асқаров, «Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
- Торанғұл еліне келдік, осы жерде көріп, халыққа түсіндірмелер жүргіздік. Біздің партияның жоспарын айттық. Айдың ішінде біраз жұмыстар істелді.