Алматылықтар үй маңындағы ақылы тұрақтарды тегін пайдалана алады

  • 6
  • 19.08.2026, 19:58

Енді алматылықтар үйлерінің маңындағы ақылы тұрақтарды тегін пайдалана алады. Ол үшін қажетті құжаттарды «Алматы паркинг» ресми сайты немесе eOtinish платформасы арқылы тапсыру қажет. Содан кейін тұрғын үйден 500 метр радиуста орналасқан ақылы тұрақты таңдауға болады. Бір адам тек бір көлік құралын тіркей алады. Алайда жүргізуші тұрақтағы бос орындарды ғана пайдаланады. Нақты бір орынды алдын ала таңдап, өзіне бекіте алмайды.

Ернар Бәденов, көлік инфрақұрылымын дамыту бөлімінің басшысы:

- Бір адамға бір көлік тұрағы тегін беріледі. Егер оның туысы сол жерге көлігін қойғысы келсе, үй иесінің ресми келісімі қажет. Нақты бір орын бекітілмейді, көлікті бос тұрған орынға қоюға болады. Алайда көлік тұрағы тұрғын үйден 500 метр радиуста орналасуы тиіс.