ЖСДП мүшелері Абай облысының тұрғындармен кездесті

  • 6
  • 19.08.2026, 19:38

Абай облысында Жалпыұлттық-социал демократиялық партиясы өкілдері Көкпекті ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиында Құрылтай депутаттағына кандидаттар сайлауалды бағдарламасын таныстырып, әлеуметтік мәселелерді тыңдады.

Ал Петропавлда саяси ұйым өкілдерінің қатысуымен «Жаңа Қазақстан: Құрылтайға сайлау - азаматтардың дауысы» атты дөңгелек үстел өтті. Жергілікті белсенділердің айтуынша, Құрылтай сайлауы елдегі демократиялық институттардың дамуына тың серпін беріп, әрбір қазақстандықтың жауапкершілігін арттырады. Бұл қоғамда саналы азаматтық ұстанымын қалыптастыруға оң ықпалын тигізеді. «Сондықтан алдағы саяси науқанның маңызы өте зор», - дейді олар. Ұйым өкілдері тұрғындардың жеке сұрақтарын да назардан тыс қалдырмады.

Александр Павлов, ЖСДП СҚО филиалының төрағасы:

- Бізге келген тұрғындар сан алуан мәселе көтереді. Оның басым бөлігі жер үлесі, экология, жол инфрақұрылымы, интернет алаяқтығына байланысты. Мамандар әр шағым бойынша құқықтық кеңес беріп, мүмкіндігіне қарай шешуге тырысады. Бұл жұмыс тұрақты түрде жалғасын табады.