Көмір генерациясын дамытуға ₸7,5 трлн инвестиция тартылады

  • 4
  • 20.08.2026, 19:30

Үкімет 2026-2030 жылдарға арналған «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасын бекітті. Бағдарлама шеңберінде 7,5 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланған. Жоба бойынша қолданыстағы 11 станса жаңғыртылып, 8 нысан жаңадан салынады. Атап айтқанда, Көкшетау, Семей, Өскемен және Жезқазған, Қарағанды, Екібастұз қалаларында жылу электр стансалары бой көтерсе, Курчатов пен Екібастұзда электр стансаларын салу жоспарланған. Озық технологиялар жабдықтардың тозуын азайтып, экологияның ластануын төмендетеді.