Еліміздегі танымал бренд Lucente зергерлік үйі кезекті «Жоғарылатылған Trade-In» бағдарламасын іске қосты. Енді қазақстандықтар дүкенге барып, ескі әшекейлерді жаңасына айырбастай алады. Акция 17 тамызда басталды. Әлі бірнеше күн жүреді. 23 тамызға дейін алтынның бір грамы 43 500 теңгеден қабылданады.
Танымал брендтің бастамасын естіп, мүмкіндікті мүлт жібермейін дегендердің қарасы көп. Бірі ескі алқасын алып келсе, енді бірі жүзік пен сырғасын жаңартуды жөн көріпті. Солардың бірі – Гүлнара Сұлтанова. Ол дәл осы зергерлік үйдің бұйымдарын жиі сатып алады. Ал «Жоғарылатылған Trade-In» бағдарламасын екінші рет пайдаланып отыр екен.
Гүлнара Сұлтанова, тұтынушы:
- Trade-In бағдарламасы – өте керемет бағдарлама. Адамдардың өзіне ұнамайтын, ескі, үйде жатқан алтындарын жаңа алтынға ауыстыруға керемет мүмкіндік береді. Бір грамм ескі алтынның бір грамын 43 500-ден алады дегенді естігеннен кейін, келіп тағы да ауыстырайын деп тұрмын.
Акция еліміздегі Lucente брендінің барлық дүкендерінде жүріп жатыр. Бұл сапалы әшекей бұйымдарды ұнататындарға арналған алғашқы науқан емес. Бұған дейін де бірнеше рет Trade-in бағдарламасы өтіп, мыңдаған адамның көңілінен шығыпты.
Малика Аққазина, Lucente зергерлік үйінің сатушысы:
- Lucente 8 жылдан бері Қазақстанда жұмыс жасап жатыр. Бүкіл қалаларда филиалдарымыз бар. Жылына үш рет өткізеді компаниямыз. Енді бұл керемет мүмкіндік деп ойлаймын. Кез келген алтынды өткізуге болады. 585-ші пробасы болса болды.
Акция 23 тамызға дейін жалғасады. Тұтынушылар өткізілген ескі алтынның орнына алтын немесе күмістен жасалған жаңа бұйымды ала алады.
Авторлар: Ернұр Рысбай, Радик Жакупов.