Астана полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Полиция департаментінің мәліметінше, елордада «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Қазірдің өзінде 500-ден астам құқық бұзушылық анықталған. Әсіресе көші-қон заңнамасы мен жол жүру ережелерін бұзу және қоғамдық орындарын ластау деректері көп тіркелген. Күшейтілген режим кезінде полицейлер тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын 200-ден астам адамды анықтаған. Алкоголь өнімін сату саласындағы заңнама талаптарының сақталуына да назар аударылды. Сарыарқа ауданында полицейлер азық-түлік дүкендерінің бірінде 21 жасқа толмаған адамға алкоголь сату фактісінің жолын кесті. Бұл шара қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабында: «Заң мен тәртіп қатаң сақталуға тиіс, яғни қоғамда заң үстемдігі болуы қажет» деп жазды.