17 облыста 72 теміржол вокзалы жаңғыртылды

  • 6
  • 20.08.2026, 19:39

Қазақстанда 72 теміржол вокзалын реконструкциялау аяқталды. Президент тапсырмасымен ел бойынша 124 вокзалды жаңғырту жүзеге асырылуда. Жоба аясында ғимараттар мен инженерлік желілер жаңартылып, күту залдары кеңейтілді. Сондай-ақ, заманауи қауіпсіздік жүйелері, лифтілер орнатылып, кедергісіз орта қалыптасты. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы биыл 124 вокзалдың 121-ін реконструкциялау жоспарлануда. Тамыз айының соңына дейін тағы 34 вокзал пайдалануға берілмек. Ал тарихи құндылығы бар – Астана, Алматы және Түркістан вокзалдарын жаңғырту 2027 жылы аяқталады. Олардың бастапқы сәулеттік келбетін сақтау үшін жөндеу жұмыстары жеке кесте бойынша жүргізілуде.