Ақтөбеде әйелдер форумы өтті. Қоғамдық өмірге белсенді аталысып жүрген қыз-келіншектер жиынын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ұйымдастырған. Ашық форматтағы кездесуде әйелдер көшбасшылығы, өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілік, нәзік жанды жаратылыс иелерінің мемлекеттік басқару ісіне етене араласуы сөз болды. Іс-шараға өңірдегі үкіметтік емес ұйым мен қоғамдық бірлестік өкілдері, кәсіпкерлер және студенттер қатысты.
Ажар Сағандықова, ЖСДП әйелдер қанаты жетекшісі:
- Қазақстанда 5 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар. Олардың 89%-ын әйелдер басқарады. Бұл – азаматтық қоғамның түйткілдерін шешіп, өзекті мәселелерді көтеріп және шешімін тауып жүрген белсенді әйелдер. Сондықтан, кез келген әйел өзінің көзқарасы ескерілетінін біліп, Қазақстанның дамуына белсенді үлес қосуы тиіс.