Павлодарда Қазақстан Халық партиясының жақтастары мен Құрылтай депутаттығына кандидаттар жоғары оқу орындарының бірінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Жиында әлеуметтік сала мен ауылдық елді мекендердің даму мәселелері талқыланды. Кездесуде әлеуметтік баспананың сапасы, мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау, коммуналдық инфрақұрылым мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, ауылдардағы жұмыссыздық пен халықтың қалаға жаппай көшуі де назардан тыс қалмады. Қатысушылардың айтуынша, кейбір елді мекендерде дүкен мен дәріхананың, сапалы интернет және жолдың болмауы тұрғындардың қолайлы жағдай іздеп, басқа жерлерге қоныс аударуына себеп болып отыр. Бұл үрдіс ауыл мектептеріне де әсер етуде. Яғни оқушылар саны азаюды. Кездесу барысында ауылдарда жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттігі айтылды.
Әлімбек Ағыбаев, ҚХП Павлодар облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы:
- Елді мекендерді дамытуға қатысты маңызды мәселелер көтерілді. Әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру – назар аударуды қажет ететін негізгі бағыттардың бірі. Бұл мәселелерді шешу үшін ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды жақсартып, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау маңызды.
Евгений Миронов, Қазақстан Халық партиясының мүшесі:
- Әсіресе медицина мен ғылым саласына қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды. Себебі, кездесуге профессорлық-оқытушылық құрам қатысты. Тұрғындарға сапалы медициналық көмек қолжетімді болуы шарт. Астана мен Алматы сияқты ірі қалаларда ғана емес, өңірлер мен шалғай ауылдарда да өмір сүру сапасын жақсарту қажет.