Бас қалада «Әділет» партиясының жақтастары бас қосқан форум өтті. Оған 2 мыңнан аса адам жиналды. Штаб мүшелері «Әділет» партиясы республикалық штабының жұмысын саралады. Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған мақсаттар мен бағыттар бойынша ойларын ортаға салды. Еске салайын, «Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына 186 кандидат ұсынды.