«Ауыл» өкілдері орманшылармен жүздесті

  • 3
  • 20.08.2026, 19:44

«Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Абай облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар еңбек ұжымымен кездесті. Басқосуларда ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала, жергілікті тұрғындардың еңбегі және табиғи ресурстарды қорғау мәселелері талқыланды. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының жұмысшыларымен кездесуде орман шаруашылығындағы өзекті мәселелерге назар аударылды. Қарағайлы орманын қалына келтіру, жасыл алқапты қорғау және ұлғайту үшін атқарылатын жұмыстар талқыланды. Орман шаруашылығында еңбек ететін мамандардың еңбекақысы мен кәсіби маман тапшылығын шешу жайы да сөз болды.

Жигули Дайрабаев, «Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:

- «Қаладан-ауылға» деген облыс әкімшілігі ұйымдастырған бағдарламасын, осының бәрін зерделедім. Абай облысы соңғы төрт жылдың өзінде құрылыс саласында, ауыл шаруашылық саласында, әлеуметтік салада осының бәрінде біздің жергілікті тұрғындардың атқарып жатқан жұмыстары.