«Ақ жол» Демократиялық партиясының өкілдері Шымкенттегі алюминий банкалар мен қақпақ шығаратын өндіріс орнына барды. Құрылтай депутаттығына кандидаттар заманауи автоматтандырылған желілердің жұмысын көріп, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты. Кейін еңбек ұжымымен кездесуде кәсіпкерлікті қолдау, отандық өндірісті дамыту және жұмыс орындарын сақтау мәселелері талқыланды. Басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, ұжым мүшелерінің сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды.
Дания Еспаева, «Ақжол» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
- Әрине несиелері бар. Соның Бірінші сұрағы осы несиені арзандату сонымен қатар баспана алу. Заң ретінде кіргізіп, осындай қарапайым халыққа баспана алуды қолжетімді ету біздің міндетіміз деп ойлаймын.