Respublica партиясы қолдаушыларының форумы өтті

  • 3
  • 20.08.2026, 19:46

Астанада Respublica партиясы қолдаушыларының форумы өтті. Саяси бірлестік төрағасы Айдарбек Ходжаназаров елордалық жас белсенділермен кездесті. Ашық әңгімеде жастар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, мамандық таңдау, өзін-өзі дамыту және қоғамдық-саяси өмірге араласуға қатысты сұрақтарын қойды. Жастардың бірі саясаттан алыс қатарластарын қоғамдық іске қалай тартуға болатынын сұраса, бірі саясатқа енді қадам басқан жастарға қандай кеңес берерін білгісі келді. Ел өңірлеріне жасаған сапарлары, жастардың өз жолын табуы және таңдаған мамандығында табысты болуы туралы да әңгіме өрбіді. Айдарбек Ходжаназаров жастарды өз күшіне сеніп, бастамадан қорықпауға шақырды.

Айдарбек Қожаназаров, Respublica партиясының төрағасы:

- Ең бастысы біз кандидаттармен 20 өңірді аралап шықтық. Елдің түкпір-түкпіріне барып келдік. Аудандарды аралап, халықпен кездестік. Бүгін азаннан бері біз бірқатар кәсіпорындарға бардық. Солардың көбі біздің партияластарымыз. Форумда ең бастысы біздің бағдарламамызды және бағытымызды түсіндіру. Және халықта жүрген әңгімені өзіміздің спичіміз арқылы жауап беруге тырысамыз.