Табиғи резерватқа жіберілген Үміт атты жолбарыс аң аулай бастады

  • 6
  • 21.08.2026, 19:36

Алматы облысындағы «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына жіберілген Үміт атты жолбарыс жабайы табиғатқа бейімделіп келеді. Жыртқыш үш аптадан кейін адам көмегінсіз өз қорегін тауып, аң аулай бастаған. 

Мамандардың айтуынша, бұл - Үміттің жаңа ортаға бейімделуінің белгісі. Амур жолбарысының жүріп-тұру бағыты мен мінез-құлқын резерват қызметкерлері күн сайын бақылауда ұстап отыр.

Үміт Қазақстанға Балқаш маңындағы жолбарыс популяциясын қалпына келтіру жобасы аясында Ресейден жеткізілген. Жоба бойынша өңірге бір аталық жолбарыс пен екі таулан да әкелінген. Аталық жолбарыс, ветеринарлық тексеру мен мінез-құлық сынақтарынан өткеннен кейін жабайы табиғатқа жіберіледі. Ал тауландар 1,5 жасқа дейін мамандардың бақылауында болады.

Жансерік Елубай, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты директорының орынбасары:

- Жолбарысты жібермес бұрын мойнына спутниктік қарғыбау таққан болатынбыз. Бүгінде мамандар сол құрылғы арқылы жолбарыстың күнделікті жүріс-тұрыс, қозғалысын, табиғи ортаға бейімделуін қадағалап отыр. Қазір жағдайы тұрақты.