23 тамызда сайлау учаскелерінде арнайы онлайн сервистер іске қосылады

  • 93
  • 21.08.2026, 19:34

«Бұл сайлаушыларды толық есепке алып, азаматтардың конституциялық құқығын іске асыру үшін жасалып отыр», - дейді Орталық сайлау комиссиясының өкілдері. Бірақ тіркеуді тексеру сервисін сайлау комиссияларының мүшелері сайлаушының өзі өтініш білдірген кезде ғана пайдалана алады. Егер тексеру нәтижесінде азаматтың сайлау учаскесінің шекарасындағы мекенжай бойынша тұрақты тіркеуі бар екені анықталса, сайлау комиссиясы оны сайлаушылар тізіміне енгізіп, бюллетень береді. Егер азаматтың Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеуі болмаса, «уақытша тіркеу» сервисін қолдануға құқылы. Ол үшін сайлау күні 221 сайлау учаскесінде шағын халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.