ЖСДП қорытынды форумын өткізді

  • 7
  • 20.08.2026, 19:36

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы қорытынды форумын өткізді. Жиында үгіт-насихат жұмыстары мен атқарылған іс-шаралардың қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ партияның саяси және әлеуметтік-экономикалық бағдарламасының негізгі қаулылары көпшілікке ұсынылды. Форумға партия көшбасшылары мен белсенді мүшелері қатысты. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан депутаттыққа үміткерлер өз ұстанымдарын жеткізді. Олар партияның басым бағыттарын баяндап, қоғам белсенділері, сарапшылар мен БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Мақсұт Насибулов, ЖСДП орталық аппаратының жетекшісі:

- Сайлауалды кампаниясы басталғалы бері «Халықтық телефон» және «Болашақ құрылтайға хат жолдау» жобаларын енгізген болатынбыз. Оның аясында бізге 800 қоңырау түсіп, 1700-ден астам хат жолданды. Ертең – тыныштық күні. Сол күні халықтан, сайлаушылардан қандай ұсыныстар түскенін саралап, талдау жасайтын боламыз.