«Ауыл» партиясы сайлау науқанында 4 мыңға жуық іс-шара өткізді

  • 98
  • 21.08.2026, 19:41

«Ауыл» партиясы жұмыстарын қорытындылады. Jetisy саябағында өткен іс-шарада науқан кезінде атқарылған жұмыстар пысықталды.

Бір ай ішінде партия өкілдері мен депутаттыққа үміткерлер еліміздің барлық өңірін аралап, 4 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырған. Олар ауыл тұрғындары, еңбек ұжымдары, шаруалар, кәсіпкерлер, жастар және сарапшылармен кездесті. Пікір алысу кезінде сайлаушылар жұмыспен қамту, халықтың табысын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, жол, су, энергетикалық инфрақұрылым, интернет, сондай-ақ білім және медицина салаларындағы өзекті мәселелерді көтерді.

Қайрат Айтуғанов, «Ауыл» партиясының төрағасы:

-1,5 млн адаммен кездестік. Қазір сайлаудан кейін «Ауыл телекоммен» келісімшартқа отырғалы жатырмыз. Бүгінде 2 мыңнан астам ауылға оптикалық талшық тартылған. Магистральдық желі ауылдардың маңынан өтеді, бірақ қалған ауылдарда әлі де интернет жоқ. Алдағы 5 жылдың ішінде 4 млн-нан астам ауыл тұрғынын интернетпен қамтуды жоспарлап отырмыз. Біз енді шалғай аудандарға барып, осындай үлкен шаралар ұйымдастырдық.