«Әділет» партиясы саяси науқандағы жұмысын қорытындылады

  • 10
  • 21.08.2026, 19:36

«Әділет» партиясы саяси науқандағы жұмысын қорытындылады. Орталық аппаратта өткен жиында республикалық сайлауалды штаб өкілдері, сенімді тұлғалар мен бақылаушылар дауыс беру күніне дайындығын пысықтады. Науқан барысында өңірлерде 247 штаб жұмыс істеп, ел бойынша мыңдаған кездесу өткізілді.

Партия төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, тұрғындардан 2 мыңнан астам ұсыныс түскен.

Айбек Дәдебай, «Әділет» партиясының төрағасы:

- Елімізде ірі жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым дамып, экономика жаңғырып келеді. Халық қалалар мен ауылдардағы оң өзгерістерді күнделікті өмірінен көріп, сезініп отыр. Әрине, қордаланған мәселелердің бәрін бірден шешу мүмкін емес. Жаңа Конституциямыз оларды жүйелі шешудің берік негізін қалап, ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. ¤