Сайлауалды науқаны ресми аяқталды. Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров кездесуді командаға алғыс айтудан бастады.
Республикалық және өңірлік штабтар күнделікті үгіт жұмысын жүргізді. Бірнеше апта ішінде саяси ұйым республикалық сайлауалды штабының мүшелері 20 өңірді аралап, 800-ден астам кәсіпорында болды. Бас-аяғы 15 мың шақырым жол жүріп өткен. Аталмыш партиядан Құрылтай депутаттары 1 млн 300 мыңнан астам қазақстандықпен кездесті.
Сырымбек Тау, Respublica партиясының тең төрағасы:
- Біз бүгін штабты жабамыз. Барлық өңірде болдық. 1,5 млн адамға насихат жүргіздік. Алдыда үлкен құрылтай.