Қазақстандағы сайлауға халықаралық бақылаушылардың қызығушылығы жоғары. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының байқаушылар миссиясы елдің барлық өңірінде жұмыс істеп жатыр.
Астанадағы №129-шы сайлау учаскесін аралаған бюро өкілі Пикет Винсенттің айтуынша, миссия құрамында 200 сарапшы және шамамен 100 парламент мүшесі бар. Жалпы сайлау барысын бақылауға 300-ге жуық халықаралық өкіл жұмылдырылған.
Пикет Винсент, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының байқаушысы:
- Қазақстан үшін бұл маңызды сайлау екені анық. Қалада сайлаушылардың белсенділігі жоғары екенін көріп отырмыз. Байқаушылар Қазақстанның барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларында, сондай-ақ 104 ауданда мониторинг жүргізуде. Олардың қатарында еліміздің ірі елді мекендерінің барлығы қамтылған. Бұл аудандардың қатарында Қазақстандағы ең ірі елді мекендердің барлығы бар.