«Дауыс» коалициясы: Жастардың сайлауға белсенділігі артқан

  • 6
  • 23.08.2026, 17:10

Құрылтай депутаттарының сайлау барысын «Дауыс» байқаушылар коалициясы да қадағалып отыр. Мамандар тек Астана қаласы бойынша 400-ден астам учаскеде қызмет етуде. Дауыс беру үдерісінің барлық кезеңін, атап айтқанда, учаске ашылған сәттен бастап кешкі сағат 20:00-ге дейін бақылау жүргізеді. Сайлаудың ашық, заң талаптарына сай және әділ өтуіне баса назар аударады. Коалиция байқаушылары саяси науқан қалыпты өтіп жатқанын айтты.

Әлия Әубәкірова, «Дауыс» байқаушылар коалициясының Астана қаласы бойынша жетекшісі:

- Бізде негізі байқаушылардың жұмыстары бірқалыпты болып жатыр. Таңнан бері дауыс беруші адамдар саны әлі азайған жоқ, келіп жатыр. Біз негізі 1 учаскеге 2 байқаушыдан жіберіп отырмыз. Түске дейін бір адам, түстен кейін бір адам. Әрқашан да зейнеткерлер көбірек келетін. Жұмыс бабымен ертерек дауыс беріп кететін адам болса, биыл жастардың саны көбейгеніне көз жетіп отыр.