Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады.
96 жастағы опера әншісі Алматыдағы үйінде дауыс берді. Жалпы қала бойынша шамамен 2 мың тұрғын үйде дауыс беру туралы өтінім берген. Дауыс бергеннен кейін өнер иесі батасын беріп, Қазақстанға бейбітшілік пен береке-бірлік тіледі.