Алматыда зиялы қауым өкілдері дауыс беріп жатыр

  • 7
  • 23.08.2026, 17:16

Алматыда зиялы қауым өкілдері де Құрылтай сайлауында дауыс беріп жатыр.

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов №584-ші сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Қаламгер Құрылтай сайлауын елдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиға екенін атап өтті. Ол бұл сайлауға халықтың үлкен үміт артып отырғанын жеткізді.

Жазушының айтуынша, алдағы уақытта Құрылтайда қабылданатын заңдар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.