Ақтөбеде сайлау учаскесінде тұсаукесер рәсімі өтті

  • 4
  • 23.08.2026, 17:20

Ақтөбедегі сайлау учаскелерінің бірінде тәй-тәй басқан бөбектің тұсауы кесілді. Отбасылық дәстүр облыс орталығындағы №49-шы сайлау учаскесінде өтті. Жалпы саяси науқан өңірде бұқаралық мерекеге ұласқан. Түрлі ертегі мен фильмдердің кейіпкерлері, спортшылар және жас жұбайлар дауыс берді. 

Мансұр Есқожин, тілші:

- Тұсаукесер рәсімі дәл осы мен тұрған № 49 сайлау учаскесінде өтті. Бір қызығы, қазақы дәстүрді мемлекетіміз үшін маңызы зор тарихи оқиғамен өзге ұлт өкілдері тоғыстырған. Максим есімді бүлдіршін тұсауы кесілгеннен кейін сан түрлі сыйлықтың арасынан «Абайдың қара сөздерін» таңдады. 

Танзиля Люлина, қала тұрғыны:

- Азаматтық борышымызды орындап, өз таңдауымызды жасадық және Қазақстанның жарқын болашағы үшін, аспанымыз ашық болсын деп дауыс бердік. Ұлымыз Максим бүгінгі тарихи күні алғаш қадам басқанын мақтан тұтамын және қазақтың салтымен тұсауын кескенімізге қуаныштымыз. 

Жалпы Ақтөбе облысында 578 мың 19 сайлаушы болса, қазіргі уақытқа дейін ???? пайыз дауыс беріп үлгерген. 

Шолпан Гайнадуллина, Сайлау учаскесі төрағасының орынбасары:

- Дауыс берушілердің белсенділігін өзге де учаскелерден байқадық. Тіпті ұжымдарымен бірге келіп таңдау жасап жатқандар аз емес. Мәселен, Ақтөбе футбол клубының маскоты - Тентек сайлау учаскесіне бір топ футболшыны бастап келген.