Құрылтай сайлауы: ҚР ОСК дерегі

  • 5
  • 23.08.2026, 17:01

Орталық сайлау комиссиясы халықтың дауыс беру барысы жайында тұрақты ақпарат таратып отыр.

Дәл қазір Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығындамыз. Соңғы мәлімет сағат 16:00-де жаңартылды. 
 
Соған сәйкес, елдегі 12 605 788 сайлаушының 8 240 336-сы дауыс берген. Бұл сайлау құқығы бар азаматтардың 65 пайыздан астамы. Өңірлердің белсенділігіне келсек, әлі де Қызылорда облысы көш бастап тұр. Өңірдегі сайлаушылардың 81 пайыздан астамы дауыс берген. Екінші - ШҚО. Ондағы белсенділік 80%-ке жуық. Үштікті Жетісу облысы 77%-пен түйіндеп тұр. Жалпы Абай, Ақмола, Ақтөбе, Түркістан облыстарындағы дауыс берушілердің 70%-тен астамы өз таңдауларын жасаған. Өңірлер арасындағы ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысы 61,81%.

Ал республикалық маңызы бар қалаларға келсек, елордамыздағы сайлаушылардың 46,38% таңдау жасаса, Шымкенттіктердің 68%-ке жуығы, ал алматылықтардың 36%-тен астамы дауыс берген.

Айта кетейік, елдегі сайлау учаскелерінің жұмыс істеп жатқандарына 10 сағаттан асты. Сайлау барысы туралы келесі ақпарат сағат 18:00-де шығады. Сту

Досжан Ысқақ