Шетелдік сарапшылар ел тарихында алғаш рет өтіп жатқан бірпалаталы Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, жастардың белсенділігіне ерекше назар аударды.
Бушра Абу Шухут, Иордан Хашимит корольдігінің Тәуелсіз сайлау комиссиясы комиссарлар кеңесінің мүшесі:
- Тарихи сайлаудың куәгері болғанымызға қуаныштымыз. Бұл - жаңа Конституция қабылданғаннан бергі алғашқы Құрылтай сайлауы. Барлық процестің бүге-шүгесіне дейін мінсіз ұйымдастырылғанына және толықтай ашық түрде өтіп жатқанына көз жеткіздік. Мүгедектігі бар жандар мен қарияларға дауыс беру үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ алғаш рет дауыс беріп жатқан жастардың белсенділігін байқадық.