Мемлекет және қоғам қайраткерлері Құрылтай сайлауында дауыс берді

  • 10
  • 23.08.2026, 20:31

Қоғам қайраткерлері, атқарушы билік өкілдері, жауапты мемлекеттік органдардың басшылары да өз таңдауын жасады.

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының жаңа бірпалаталы Құрылтайына депутаттарды сайлау жөніндегі алғашқы сайлауда дауыс беруге қатысты. Өз таңдауын жасағандардың қатарында Президенті Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр, сондай-ақ Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин де бар.

Астанадағы 129-шы сайлау учаскесінде болған Ерлан Қарин бұл сайлаудың ел тарихындағы маңызды саяси оқиға екенін атап өтті. Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да дауыс берді. Ол тішілерге берген сұқбатында Құрылтайдың мән-маңызына тоқталып өтті. Саяси маңызы зор науқанда мемлекет және қоғам қайраткері Мәулен Әшімбаев та өз таңдауын жасады. Биыл қолға алынған Конституциялық реформалар ішіндегі ең айтулы қадам болып отырған Құрылтай депутаттарын сайлауында мемлекет және қоғам қайраткері Ерлан Қошанов та дауыс берді. Ол: «Құрылтай сайлауы – жаңа Халықтық Конституцияны жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам», - деді.