Атырау облысында сайлау учаскелері жабылды

  • 7
  • 23.08.2026, 20:05

Атырау облыстық Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылардың ?? пайызға жуығы дауыс берді. Жалпы өңір тұрғындарының өз таңдауын жасауда белсенділігі жоғары болғаны байқалады. Таңғы 7:00-ден 20-00-ге дейін 278 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Құрылтай сайлауы қалай өтті?

Асланбек Шығыр, тілші:

- Иә, осы тарихи күнде атыраулықтар да белсенділік танытып, өз таңдауын жасады. Облыс бойынша 428 мыңнан аса тұрғын дауыс беру құқығына ие. 11 мыңнан аса адам вахталық әдіспен жұмыс істейді. Олардың қиындықсыз өз таңдауын жасауы үшін өңірдегі өндіріс орынында 2 жаңа сайлау учаскесі ашылды. Ал Каспий қайраңын игеріп жатқан мұнайшылар үшін арнайы тікұшақ ұйымдастырылып, тасымал жәшігі жеткізілді. Бұл жалпы өндіріс орындарындағы сайлаушылар үшін жасалған мүмкіндік. Біз қазір облыс орталығындағы №40 сайлау учаскесінде тұрмыз. Осы сайлау учаскесінде қанша тұрғын тіркелген? Қаншасы дауыс берді?

Хадиша Жұмабаева, №40 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:

Асланбек Шығыр, тілші:

- Елдегі маңызды саяси оқиға – Құрылтай сайлауына атыраулықтардың белсенді қатысқанын айттық. Мысалы, ел рекордын жаңартып, 165 тонна болатын жеті теміржол вагонын сүйреген Ерсейіт Бралин сайлау учаскесінің алдында күшті екенін тағы бір дәлелдеді. Учаске алдында жүк көлігін сүйреп, кейін өз таңдауын жасады. Сондай-ақ «Қыз Жібек» фильмінің саундтрегі «Гәкку» әнін орындаған Мүнира Ижанова да осы сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Бұдан бөлек, марафоншылар, ретро стильде киінген театр әртістері, мультфильм кейіпкерлері, түрлі автоклуб мүшелері сайлау учаскелеріне барып, таңдауын жасап, белсенділігін танытты.