Волонтерлер де сайлауға елеулі үлес қосты. Олар өздері дауыс беріп қана қоймай, сайлау комиссиясының жұмысына қолғабыс етті.
Мәселен, Астана қаласының Жастар ресурстық орталығына қарасты еріктілер ұйымының мүшелері бас шаһардағы барлық 800-ден астам учаскеде жұмыс істеді. Олар сайлаушыларды қарсы алып, тиісті учаскелеріне бағыттап отырды. Қажет болған жағдайда, тұрғындарға өз учаскесін табуға көмектесті. Осылайша 1,5 мыңнан астам ерікті таңнан кешке дейін халыққа қызмет көрсетті.
Олжас Амангелді, волонтёр:
- Біздің негізгі көмектесетін ісіміз – учаскеде жолды көрсету және кіреберісте мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу. Әр учаскеде 2 волонтердан тұрады. Таңнан кешке дейін «Астана жастары» ұйымының еріктілері жұмыс істейді.