Алматыда 1,3 миллионнан астам азамат Құрылтай сайлауына қатысты

  • 4
  • 23.08.2026, 20:08

Алматыда 1 млн 300 мыңнан астам азамат дауыс беру құқына ие болды. Қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Дауыс берушілерге қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетті, ал ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін инватакси ұйымдастырылған болатын.

Саяси науқанда зиялы қауым өкілдері мен өнер адамдары белсенділік танытты. Кейбір сайлаушылар учаскелерге батыр, темір адам, тіпті «Тұран» жолбарысы кейпінде келген. Бұл ел тарихы мен табиғатына деген құрметтің белгісі болды. Зиялы қауым өкілдері бұл сайлауға халықтың үлкен үміт артып отырғанын жеткізді. Алдағы уақытта Құрылтайда қабылданатын заңдар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеніне сенімді. 

Смағұл Елубай, Қазақстанның Халық жазушысы:

- Әрбір Қазақстан азаматы өз болашағын таңдап жатыр. Ендеше белсенді болу, өз болашағымызға жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың тікелей міндеті. Бұл таңдау ұлт болашағы үшін аса маңызды болып табылады.