Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күн қалды. Осыған байланысты полиция балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуге кірісті. Еліміз бойынша «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы басталды. Қазір мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдері, жол белгілері мен жол таңбаларының жай-күйі тексеріліп жатыр. Мектеп автобустары мен балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігі де бақылауға алынған. Тексеру қорытындысы бойынша 548 нұсқама беріліпті. Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді жылдамдықты асырмай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік тізгінінде барынша мұқият болуға шақырады.