Алматыда Тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабы Құрылтай сайлауы барысына жүргізген мониторингтің қорытындысын жариялады. Штаб мәліметінше, дауыс беру еліміздің барлық өңірінде ұйымдасқан, әрі қалыпты жағдайда өткен, заңбұзушылықтар тіркелмеген.
Ақпараттық штаб 20 өңірдегі жағдайды бақылап, сайлау учаскелерінен жедел ақпарат жинады. Штаб өңірлер, байқаушылар, журналистер және қоғам арасында тұрақты байланысты қамтамасыз етті. Келіп түскен барлық ақпарат жергілікті жерлердегі өкілдеріміз арқылы тексеріліп отырды. «Бұл еліміздің бүкіл аумағында дауыс беру барысына объективті мониторинг жүргізуге мүмкіндік берді», – деп атап өтті Рафаэль Гасанов. Сайлау науқанының басты қорытындыларының бірі – азаматтардың жоғары белсенділігі.
Нұржан Мұхамеджанова, медиаменеджер:
- Құрылтай сайлауының осындай дәрежеде ұйымшылдықпен өтуі – бұл біздің еліміздегі азаматтардың саяси санасының, қоғамдық санасының өскендігінің айқын көрсеткіші деп ойлаймыз. Бұл біріншіден. Екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік желідегі ақпараттық жұмыстың өте бір үйлесімді түрде ұйымдастырылғаны.