Атап айтқанда, электрсамокаттардың тротуарлар және жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне тыйым салынады. Оны тізгіндеген азамат веложолақтармен жүруі тиіс. Ол болмаған жағдайда жүріс бөлігінің оң жақ шетімен жүруі қажет.
Электрсамокат жүргізушісі 18 жасқа толған, жүргізуші куәлігі болуы және қорғаныс дулығасын киюі тиіс. Қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді де қолдануы керек. Өзгерістер қауіпсіздікті арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.
Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері электрсамокат жүргізушілерінің қатысуымен 47 жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 329 бала зардап шегіп, 10 бала көз жұмды.