Бүгіннен бастап Қазақстанда 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілер тұрақты түрде қайта медициналық тексеруден өтуге міндеттеледі. Жаңа ережеге сай, олар екі жыл сайын тексерілуі қажет. Бұл жаңашылдық жайдан-жай пайда болған жоқ.
Мамандардың айтуынша, жас ұлғайған сайын кейбір адамдардың көру қабілеті, зейіні мен когнитивті функциялары нашарлауы мүмкін. Сондықтан көптеген елдерде егде жастағы жүргізушілер үшін қосымша медициналық тексерулер қарастырылған. Қазақстанда да осы тәжірибе қолға алынып отыр.